Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Ақтауда «Азаттық» радиосының журналисі Сәния Тойкенге қатысты сот жалғасуда

2 сәуір 2019

1 сәуірде Ақтауда «Азаттық» радиосының журналисі Сәния Тойкеннің апелляциялық шағымын қарау басталды.

 

Естеріңізге сала кетейік Сәния Тойкен 2019 жылдың 12 наурызына қараған түні Жаңаөзен қаласындағы кафеде құрбыларымен кешкі ас кезінде ұсталған болатын. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысына сәйкес (судья С. С. Жұмабаев) ол полиция қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін ҚР ӘҚБК 667-бабы бойынша кінәлі деп танылып 20 АЕК (50 500 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелген еді.

 

1 сәуір күні болған сотта прокурор  журналисті сотқа беруші полицейлердің процеске  қатысу қажеттілігі туралы мәлімдеген. С. Тойкеннің адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, олардың қатысуы маңызды емес, өйткені олар бірінші сатыдағы сотта жауап берген. Сондай-ақ басқа да өтінішхаттарды (ходатайства) мәлімдегенмен  әрекет жауапсыз қалған еді. Судья жарты сағатқа  кеңесу бөлмесіне кетті.

 

Адвокат Ғалым Нұрпейісов сот кеңсесіне іс материалдарымен танысу және сот отырысын кез келген жұмыс күні 2019 жылғы 8-12 сәуір аралығында тағайындау туралы екі өтініш берді. Адвокат судьяға 1-ші сәуір күні кешкісін ауызша және жазбаша түрде Алматыда 2-ші сәуірге тағайындалған процеске қатысатынын хабарлаған. Алайда, судья өтінішті қанағаттандырмаған.

2 сәуірде Сәния Тойкен барлық сотты, соның ішінде апелляциялық комиссияның төрағасынан бас тарту туралы өтініш жасаған.  Отырыс арасындағы үзілісте сот хатшысы С. Тойкенге облыстық соттың апелляциялық алқасының төрағасы  Н.Примашевтің өтінішті қанағаттандырмау туралы ұйғарымын табыс еткен.  Кешкілік отырыста судья Қазила Сағындықова прокурор Едіге Дүйсенбаевтың толық қолдауымен журналистің қорғаушысы болмаған кезде процесті жалғастыруға тырысқан. Алайда, С. Тойкен сотта өзінің қорғалу құқығы бұзылды деп санап, мұны сот отырысында төрағалық етушіге хабарлап,  процестен шығып кету туралы шешім қабылдаған.

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз