Светлана Глушкованы сот кінәлі деп танып айыппұл салды
2 сәуір күні Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Әсия Дощанова «Азаттық» радиосы мен «Настоящее время» каналының тілшісі Светлана Глушкованы құқық бұзушылық 1 бабтың 73-2 («ұрып-соғу») және 653 бөлімі («Сотқа құрметсіздік») бойынша кінәлі деп таныды.
Ұрып соғу айыптауы бойынша журналиске 10 АЕК айыппұл салынып, 30% жеңілдікпен мемлекет пайдасына (8838 теңге) төлеуі керек. Екінші айыпта журналист ескерту ретінде жазаланды.
«Астана жастары» КММ-нің еріктісі Гүлнәр Тұрарбекова журналисті «ұрып-соқты» деп айыптаған. Бұл оқиға 22 наурызда Астанада «Шапағат» базарының жанында болған. Светлана Глушкова Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгертумен келіспейтін азаматтардың ұсталуы туралы түсірген.
Светлана Глушкованың айтуынша, сол күні тікелей эфирде белгісіз тұлғалар жұмысқа кедергі келтіріп, камераны қолдарымен жапқан, журналисті итерген. Олардың ішінде Тұрарбекова болған. Светлана Астана қаласының полиция бөлімінің бастығының орынбасары Бақытжан Малыбаевқа болған оқиғаға орай көмек сұрап жүгінген.
«Бірақ ол мені айқайлай бастаған Тұрарбековаға алып барды, оның айтуынша мен оны ұрып жіберіппін. Полиция қызметкері Малыбаевтың айтуынша, ол мені ұстап, полиция бөліміне алып кетуі керек екен. Қыз менің үстімнен арыз жазған. Біздің қолымызда бейне таспа бар. Ал менің жүргізіп жатқан репортажым далада қалды, - дейді Глушкова.
22 наурызда Светлана Глушкова хаттаманы дайындау үшін ұсталып, полицияда бес сағаттан астам уақыт отырған. Соған қарамастан оған ешқандай құжаттар берілмеген.
31 наурыз күні іссапардан оралған Светлананы Нұр-Сұлтан әуежайында сегіз полицей ұстаған. Журналистен хаттамаға қол қоюды талап еткен. Журналист өзінің адвокаты келгенге дейін қандай да бір әрекет жасаудан бас тартқан. Жедел қоңырау шалу арқылы келген Глушкованың қорғаушысы Бауыржан Азанов полиция қызметкерлерінің хаттамасында және іс-әрекеттерінде бірнеше процессуалдық заң бұзушылықтар бар деп сотқа жүгінді, бірақ сот оның талаптарын орындаудан бас тартты.
1 сәуірге тағайындалған сот тыңдаулары әртүрлі себептермен ауыстырылды. Сот залында арызданушы Г. Тұрарбекова жеке басын анықтайтын құжаттарсыз келіп, отырыс 2 сәуірге ауыстырылды. Журналисттің қорғаушысы Бауыржан Азанов құжаттарды зерделеп, материалдарда бірқатар құжаттар жоқ екенін анықтады.
Сот тыңдауының басында Светлана Глушкова судьяға кәмелетке толмаған Тұрарбекованың өкілі өзінің өкілеттілігін құжаттармен растай алмасада сот залына кіруге рұқсат етілгеніне қарсылық білдірді.
Сот өтінішті қабылдамады, отырыс жалғасты. Журналистің қорғаушысы мен бақылаушылары көптеген ретсіздіктерді атап өтті. Судья жәбірленушінің қамқоршысының «сенімхатының» ксерокөшірмесі негізінде процеске неге қатысатынын дәлелдей алмады, сондай-ақ Тұрарбекова өкілдерінің хаттама жасау процесіне қатыспағандығы анықталды.
Жауапкер тараптың арыздарына судья Әсия Дощанова: «Сіз өз дәлелдеріңізбен сот актісіне апелляциялық шағым жасауға құқылысыз» деп мәлімдеген.
Адвокат Б. Азанов пен С. Глушкова тағы да судьяға қарсылық білдіргенін мәлімдегенде, Әсия Дощанова журналисті залдан шығарып жіберді. Оның соңынан мәжіліс залынан адвокат та кетті. Сот шешімі шыққаннан кейін Светлана: «тапсырысты шоу аяқталды», - деді