Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Сәния Тойкенге полицияға бағынбағаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды

12 наурыз 2019

2019 жылдың 12 наурызына қараған түні Жаңаөзен кафесінде құрбыларымен кешкі ас кезінде ұсталған журналист Сәния Тойкен полиция қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін 20 АЕК (1 АЕК – 2525 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

 

Осындай қаулыны Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты шығарып, оны ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Бағынбау неден туындады, «Азаттыққа» осыны   анықтау мүмкін болмады.

 

Хабарланғандай С. Тойкен мен оның құрбылары кафенің басқа бөлімінде тамақтанып шығып келе жатқанда полиция оны кафеге келушілер арасында жанжалға куәгер деген сылтаумен ұстаған.   Журналистің барлық дәлелдері бойынша олар ештеңе естімеген, көрмеген. Бірақ мұны полиция назарға алмаған.

 

Сәния Тойкенді түні бойы полицияда ұстап, түске қарай әкімшілік сотқа жеткізген. Сағат 14.30-да ҚР заңнамасын бұзу туралы қаулы шығарылған.

 

Сәния Тойкен оператормен бірге Жаңаөзен қаласына 26 ақпан күні келген еді. Редакцияның тапсырмасы бойынша олар жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуді талап еткен жергілікті тұрғындардың жағдайын бақылап, оқиға  орнынан тікелей репортаждар дайындаған. 

Өз сұрағыңызды қойыңыз