Ақмола облысының полицейлері журналист Нұржан Баймолдиннің өтініші бойынша қызметтік тергеу жүргізуді бастады
Республикалық «Экспресс К» газетінің меншікті тілшісі Нұржан Баймолдиннің өтініші бойынша Ақмола облысының полиция департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Гүлнар Пинчуктің әрекетіне қызметтік тергеу жүргізетін болды.
Ақпан айында Нұржан Баймолдин Көкшетау қаласының тұрғыны Николай Шинкоренконың әкімшілік ісін қарау қорытындысы бойынша материал дайындайды. Оны учаскелік полиция пунктінің (УПП)-1 инспекторлары билік өкілдеріне бағынбады деп айыптаған. Көкшетау қаласының тұрғынына қатысты сот құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты әкімшілік іс жүргізуді тоқтатып, Көкшетау прокурорына полицейлерге қатысты шара қолдану туралы жеке ұйғарым шығарады.
Журналисттің хабарлауынша, 20 ақпанда Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук хабарласып, мақаланы газетке жарияламауды талап етіп, олай болмаған жағдайда Ақмола полиция департаментінің басшысына баратынын айтады.
Баймолдин өзінің кәсіби қызметіне араласуына байланысты Ақмола облысының прокуратурасына арызданған. Прокуратура арызды облыстық полиция департаментіне жолдайды.
11 наурызда «Экспресс К» газетінің тілшісі полиция департаментінің кадр қызметіне шақырылды. Ведомство инспекторы облыстық полиция баспасөз қызметінің басшысында қандай жағдайларда және қандай талаптар қойылғандығын егжей-тегжейлі түсіндірді. Келесі күні полиция департаменті бастығының орынбасары хат арқылы басталған қызметтік тексеріс туралы хабарлады, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады.