Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Ер адамға баласының анасы кім болып келеді?

7 наурыз 2019

Өткен жылдың күзінде «ТоболИнфо» ақпарат агенттігінің тілшісі Александрa Серғазинова мемлекеттік сатып алуды зерттей отырып, кейбір көкөністер негізсіз жоғары бағамен сатып алынғанына назар аударады. Ол «Почему поставщиками товаров и сырья в ТОО «Еңбек-Қостанай» являются родственники руководителя предприятия?» деген мақала жариялайды. «Еңбек-Қостанай» филиалының директоры Құттыжан Ысмағұлов пен оның баласының анасы Анар Мұқашева журналист пен БАҚ-ты ар-намысы мен абыройын, іскерлік беделін түсіргені үшін айыптап, 500 мың теңге моральдық зиян өтеуді талап етіп сотқа берген.

 

4 наурызда Қостанай қалалық сотында сот отырысы өтті. «ТоболИнфо» журналисі Валерий Вахненконың репортажынан:

«Анар менің жұбайым емес, бізде онымен таза іскерлік қарым — қатынас бар, - деп мәлімдеген сотта Құттыжан Ысмағұлов.

- Ал балалар ортақ па? - деген Сергазинованың сұрағына:

- Иә, - деп жауап берген Ысмағұлов.  Енді мұны құжатпен дәлелдеңіз....»

Өз сұрағыңызды қойыңыз