Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Полиция әдепсіз сөйледі ме әлде журналис оған жала жапты ма?

7 наурыз 2019

Қостанай әуежайының Желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Алмат Ағаділов «ТоболИнфо» АА тілшісі Алина Сушконы жала жапты деп  Қостанай қаласының № 2 сотына берді.  Дауға ақпарат агенттігінің сайтында 7 маусым 2018 жылы «Начальника линейного отделения полиции аэропорта, обматерившего подчиненного, выдвигают на повышение» деген мақаланың жариялануы себеп болған.

 

Полиция капитаны мақаладағы мәліметтер  арқылы журналис жала жапты,  бүкіл отбасымның ар-намысы мен қадір-қасиетін бұзды, дейді. 6 наурыз күні сотта сөйлеген сөзінде Ағаділов:  

«Біздің отбасымыздың үш ұрпағы қатарынан Көліктегі ІІД-де және оның желілік бөлімшелерінде жұмыс істейді. Менің атам Ұлы Отан соғысының ардагері ол Берлинге дейін барған. Менің әкем отставкадағы полиция полковнигі. Біздің тегімізді бәрі біледі. Алайда, Алина Сушконың «Строгим выговором отделался капитан полиции за непристойный лексикон» деп аталатын бірінші мақаласынан кейін полиция капитаны әдепсіз лексиконы үшін қатаң сөгіс  алған. Әлеуметтік желілерде жағымсыз пікірлер пайда болып, қызметтік тергеу жүргізіліп, маған қатаң сөгіс жарияланды. Менің әкеме Ресейден жолдастары хабарласып, бұл мақаланы ұзақ уақыт талқылады. Одан кейін мені бірден кадр резервінен алып тастады. Бұнымен журналист тоқтаған жоқ. 2018 жылдың тамыз айында ол екінші мақаланы жариялады. Менде жұмыста түрлі мәселелер туындады. Маған кінәсіз екендігіңді дәлелде деді.  Мұны сот арқылы жасауға кеңес берді», деп мәлімдеді.

 

Судья Самат Сәтмағамбетов: полиция қызметкеріне  Сушконың қасақана жала жапқанын дәлелдеуге тура келетінін айтты. Сондай-ақ, журналист Қостанай стансасындағы ЖІІБ бастығының бұрынғы орынбасары Ерлан Сүлейменовтың сөздеріне сілтеме жасап, өзі Алин Сушкоға өтініш білдірген. Осы жылдың ақпан айында Алмат Ағаділов жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған Ерлан Сүлейменовке қатысты ақтау үкімін шығарған. Ерлан Сүлейменов келесі сот отырысына шақырылады.

 

 

 

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз