Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Полиция журналист Шара Тұрмағамбетоваға қарсы

28 ақпан 2019

Кеше «Әділ сөз» Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің бас редакторы Шара Тұрмағамбетоваға  шабуыл жасалғаны туралы ақпарат таратқан болатын.  (қараңыз http://www.adilsoz.kz/news/show/id/2864). Бұл хабарламаны біз сенімді көзден алдық. Шараға қоңырау шалып, шабуылдың егжей-тегжейін білдік.

 

Алайда, 1 наурыз күні таңертең қор кеңсесіне Ақтөбе облыстық полиция департаментінің өкілі Ерболат Сарқұлов хабарласып, орын алған оқиғаның басқа нұсқасын хабарлады. Содан кейін біз полиция департаментінің баспасөз-релизін алдық. Оны толығымен келтірейік:

 

«Кейбір БАҚ-тарда ақтөбелік журналис  Шара Тұрмағамбетованы ұрып-соғып кеткені туралы ақпарат жарияланған. Алға  полициясы жедел тексеру іс-шараларын жүргізіп, куәгерлердің айтуы бойынша, Ш. Тұрмағамбетова 27 ақпанда өз үйінің кіреберісінде абайсызда құлап,  бет жарақатын алғандығы анықталды. Ол полицияға жүгінбеді.

 

Осыған байланысты тексерілмеген түсініктемелерді жариялаудан қалыс қалуды сұраймыз.

 

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі».

 

Шара Тұрмағамбетованы облыста дарынды редактор және белсенді азамат ретінде біледі. Ол мұнай компаниясындағы тендер туралы материал дайындап, аудандық газетті жекешелендіру жөнінде Facebook -те жазып, жергілікті биліктің жұмысын жиі сынға алған. Бұл кез келген адам тексере алатын  фактілер. Ал Алға полициясы қандай іс-шара өткізді, оқиға кезінде қандай куәгерлердің подъезде болып, оларға полиция қалай шығып, айғақтарды алып тастағаны белгісіз. Егер  полицияға ешкім хабарласпаса полицияның мұндай жеделдігі қайдан шықты?

 

«Әділ сөз» 20 жылдан бері журналисттерге шабуыл жасау хроникасын жүргізіп келеді. Жасалатын шабуыл әртүрлі және әрқашан сенімді көздерге жүгінеміз.  Біз Шарамен қайта байланысқа шықтық, ол өз сөздерінен бас тартпайтынын айтты. Ол полицияға жүгінбеді, себебі күнәлі болғысы келмейді, өйткені олар көшеден  бір-екі баланы ұстап алып, олардың журналистке шабуыл жасағанын мойындауға мәжбүрлейді.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз