Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Жұлдыз-Звезда» газетінің бас редакторына белгісіз біреулер шабуыл жасады

28 ақпан 2019

2019 жылы 27 ақпанда сағат 16.30-да Алға аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің бас редакторы Шара Тұрмағамбетоваға өзі тұрып жатқан үйдің кіреберісінде белгісіз біреулер шабуыл жасады. Шара Тұрмағамбетованың «Әділ сөз» тілшісіне айтқанындай, үйдің кіреберісіне кіргенде: «бұл сол, дәл соның өзі» деген сөздер естіген.

 

Журналист басына тиген соққыдан құлап қалған. Орнынан тұра бергенде  оны бетінен  ұрған. «Егер көршілер болмаса, мені өлтірер еді»,  - дейді Шара Тұрмағамбетова. «Жұлдыз-Звезда» басылымының бас редакторы шабуылды кәсіби қызметімен және өзінің белсенді азаматтық ұстанымымен байланыстырады. Ол мұнай компаниясындағы тендер туралы материал дайындап, аудандық газетті жекешелендіру жөнінде Facebook-та жазып, жергілікті биліктің жұмысын жиі сынға алған.

 

Шара Тұрмағамбетова медициналық көмектен бас тартты. Журналист полицияға арызданған жоқ.

Өз сұрағыңызды қойыңыз