Оралда блогер Асқар Шиғұмаров ұсталды
27 ақпан 2019
27 ақпан күні Оралда белгілі блогер Асқар Шиғұмаров досымен бірге үйінен шығып, түскі ас үшін дүкенге барған. Алматы уақыты бойынша сағат 13.30-да үйінен шыққан кезде полиция қызметкерлері оларды құрықтаған. Күш қолданып смартфонын тартып алып, жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізген.
Белсенділер Асқардың ұсталуын Астанада өтіп жатқан Нұр-Отан президенттік партиясының съезімен байланыстырады. Билік өкілдері осы іс-шараға орай наразылық акциясын ұйымдастыруы мүмкін деп қауіптенген.