Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Жаңаөзенде «Азаттық» радиосының тілшісі Сәния Тойкен мен оператор Санат Нұрбек ұсталды

27 ақпан 2019

26 ақпанда редакцияның тапсырмасы бойынша журналистер Ақтаудан Жаңаөзенге қаладағы жағдайды жариялау үшін барады. Тойкен мен Нұрбек Жаңаөзендегі қалалық алаңда  ұсталған. Ол жерде екінші апта жұмыс тауып беруді талап еткен қала тұрғындарының наразылық жиыны өтіп жатқан.

Сол жерде журналистерді ұстап, Ақтау ІІД-не жеткізген. Полиция журналистерге олар туралы қандайда бір арыз түскендігі туралы айтқан.

Сәния Тойкен қазіргі уақытта тергеуші Назарбай Жанбаевтың кабинетінде отырғандығын хабарлады. Ал оператор Санат Нұрбек басқа тергеушінің кабинетінде.

Журналистердің ұсталғаны туралы редакцияға Жаңаөзен қаласының тұрғыны хабарлаған, оның айтуынша, соңғы бірнеше күн ішінде қалада коменданттық сағат жарияланып, ондаған тұрғынды ұстаған.

Маңғыстау облысының полиция департаментінде журналистердің ұсталуына ешқандай түсініктеме берген жоқ.

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз