«Сөз бостандығының құқықтық шеңбері: кеше, бүгін, ертең» атты дөңгелек үстелге шақырамыз
Журналистерге митинг өткізуге рұқсат беруден бас тартты, бірақ проблема шешілген жоқ. Біз бұл мәселені 4 наурызда «Сөз бостандығының құқықтық шеңбері: кеше, бүгін, ертең» атты дөңгелек үстел форматында талқылауға шақырамыз.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан журналистер Одағы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры, «Сот журналистерінің лигасы» қоғамдық қоры.
Негізгі тақырыптар:
- Журналистерді аккредиттеу: қолайлы режим немесе жаңа кедергілер? Аккредиттеу ережелері қандай болуы тиіс? Олар қажет пе?
- Кең көлемде талдау: жарияланымдарға алдын ала тиым салу және ұмытып кету құқығы.
- Интернет дәуіріндегі БАҚ.
- Қоғам мен журналистерге не қажет: сөз бостандығының кепілдіктері туралы заң, БАҚ туралы заң, бұқаралық коммуникация құралдары туралы заң, ақпараттық кодекс? Арнайы кәсіби заң қажет емес пе?
- Талқылау қорытындысы бойынша қарар қабылданады. Журналистер мен блогерлерді күтеміз.
Іс-шара «Novotel» (Алматы қаласы, Достық көшесі, 104 А, Арман кинотеатрының жанында) 4 наурызда сағат 10-нан 13-ке дейін өтеді. Дөңгелек үстелде митингке қарағанда орындар саны шектеулі (50 орындық зал) болғандықтан, алдын ала жазылуды сұраймыз info@adilsoz.kz