Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Әсет Әбішевтің үкімі өзгеріссіз қалды

13 ақпан 2019

2019 жылдың 13 ақпанында Алматы қалалық сотының Апелляциялық кеңесі азаматтық белсенді Әсет Әбішевке қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 266-бабының 1-бөлімі - «Қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру, сондай-ақ мүлікті сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын дамыту»,  ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабы 2 бөлімі «Қоғамдық немесе діни бірлестіктің, басқа ұйымның экстремизм мен терроризмді жүзеге асыруға байланысты қызметін тоқтатуға немесе таратуға заңды күшіне енген сот шешімі бар қызметіне қатысу» бойынша құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін айыпталды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Алматы қаласының тұрғыны Facebook-те ҚДТ-ны қолдап, осы ҚДТ жетекшісі М. Әбілязовтың жазбасын бөліскен.

Әсет Әбішев бұл айыпты жоққа шығарады. Айтуынша, оның ҚДТ-мен байланысы жоқ.

2018 жылы 30 қарашада Алматы қаласының Алмалы аудандық соты азаматтық белсендіні төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Азаматтық белсенді 2018 жылдың 5 шілдесінен бастап қамауға алынған. Сол уақыттан бастап сот үкімі есептеледі.

Сот процесін бақылаған құқыққорғаушылар Әбішевтің құқықтарын қорғауға қатысты көптеген құқық бұзушылықтар орын алғаны туралы мәлімдеген еді.

 

 

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз