Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Діни алауыздықты қоздырды деп айыпталған Тимур Дәулетов кінәлі емес

22 ақпан 2019

22 ақпанда Петропавл соты діни алауыздықты қоздырды деп айыпталған Тимур Дәулетовті ақтады. Ол сот залында босатылды. Айыптаушы прокурор Даулетовті төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

 

Тимур Дәулетов «Вконтакте» әлеуметтік желісінде бес діни материалды бөліскен. Оның үшеуі сарапшылар мен филологтарға сараптамаға  жіберілді:

 

- «Ақтөбедегі терактіге салафилердің қатысы жоқтығы туралы - шейх Мухаммад ибн Хадий әл-Мадхамет" атты видео» мp4;

- «Абдуррахим – ИГИШ(ИГИЛ) – ислам жаулары»;

-«Назратулла абу Ибрахим (Марьям) – ИГИШ(ИГИЛ)-дің адасуы» атты екі аудиофайл бар.

Түркістан облысы сот сараптамасы институтының маманы бұл материалдардан діни алауыздықты қоздыру белгілерін көрген. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының Алматы филиалының сарапшылары зерттелген материалдардан мұндай белгілерді таппаған.

Дәулетовтің адвокаттары  Александр Зенковский мен Индира Тілегенова «Әділ сөз» қорының  ақпараттық дауды саралау орталығына жүгінген. Орталық мамандары материалдарды саралай келе «күдікке ілінген азамат бөліскен материалдар жастар мен білімсіз адамдарды ИГИЛ-ден сақ болуға шақырады» деген тұжырым жасаған.

Бұл іс бойынша сот 2018 жылдың 20 қыркүйегінде басталған болатын.

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз