Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

ҚР ҚК 158-бабын қайта жандандырудың тағы бір әрекеті сәтсіз аяқталды

31 қаңтар 2019

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығының журналист Олег Гусевтің кәсіби қызметіне кедергі келтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатылды.

Еске түсіре кетейік, бұл дау 2018 жылдың қазан айында басталған еді.

 

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өз іскерлік беделін  қорғау туралы Олег Гусевқа қарсы талап арыз берген. Осы дауды талқылау барысында журналист өзі мен компания арасындағы келісімді сотта көрсеткен болатын. Құжатқа сәйкес, журналист «АМТ» компаниясы туралы кез-келген кемшілікті жария етпеуі тиіс. Ал компания журналистің туыстары жұмыс істейтін мердігер компанияны «бұғаттаудан» босатуы тиіс.

Олег Гусев бұны бопсалау деп есептеп, Facebook-та тиісті мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізген Қарағанды облысының полициясы бұл мәлімдемені көріп Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 158-бабының 2-бөлігі бойынша (журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіру) қылмыстық іс қозғайды.

Журналистің заңды өкілі Кәміл Кәрімов істі өзгертіп тоқтатумен келіспейді: «Бастапқыда екінші бөліктен бастап, бірінші бөлікке дейін өзгертіп, барлық біліктілік белгілерін алып тастап, алдын-ала тергеу жұмыстарын тоқтатты, олар күдіктілердің іс-әрекеттерінде қылмыстық құрам жоқ деді. Біз әрине, келіспейміз. Себебін мен айта алмаймын, бұл құпия. Шағым дайындалды, енді Бас прокуратураға барамыз. Біз бәрін аяғына дейін қорғауға ниеттіміз», - деді Кәміл Кәрімов «Курсив» тілшісіне.

Журналистің кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде 1998 жылдан бері болғанын еске саламыз. Кейде осы бап бойынша істер қозғалды, бірақ біреуі сотқа жетпеді.

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз