Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Денис Тенді өлтірді деген іс бойынша ашық сот процесі БАҚ үшін шектеулі режимде өтуде

14 қаңтар 2019

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Денис Тенді өлтіру процесіне келген журналистер тыңдауды толық жариялау мүмкіндігінен айрылды.

 

Айыпталушы Арман Құдайбергеновтен түсінік алу сәтінде «Информбюро» сайтының тілшісі Серікжан Мәулетбай және басқа да БАҚ журналистері БАҚ өкілдеріне арналған залда отырды .

 

С. Мәулетбай: «Біз баспасөз залында отырмыз, судья сот залынан процеске қатысушыларды журналистерді де бірнеше рет шығарып жіберді. Қазіргі уақытта ештеңе көрінбейді және түсініксіз.  Сот бізді  ашық сот процесінен ақпарат алу құқығымызды шектеді. Нәтижесінде ешкім залда көрсеткен бейнені көре алмады,» - деп хабарлайды.

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз