Мерзімді БАҚ, қорқыңыздар
Қаңтардың 29-ы күні «Әділ сөз» қоры Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жолдаған сауалына жауап алды. Онда Ақпарат министрлігінің ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлескен 2018 жылдың 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуы үшін тәуекелдерді бағалау критерийлері және бақылау тізімін бекіту туралы» бірлескен бұйрығы туралы сұраған болатын.
«Неліктен мерзімді басылымдардың иелері жоғары тәуекелге жатады, ал онлайн-жарияланымдардың иелері мен интернет-ресурстардың иелері қауіпті объектілер қатарына жатпайды? Баспасөз интернет желісінен әлдеқайда күшті ме?» - деген сауал жолданған еді.
«Қолда бар статистикалық мәліметтерге сәйкес, бақылау тізіміне енгізілген бұзушылықтардың негізгі бөлігін мерзімді басылым иелері жібереді» - деген жауап келді. (Жауапқа Ақпарат комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов қол қойған).
Интернет-басылымдар мен интернет-ресурстардың таралу аумағы мерзімді басылымдарға қарағанда шексіз. Мерзімді баспасөзде жарияланған ақпарат әлдеқайда аз таралады. Және бүкіл қазақстандық БАҚ-да, ғаламдық интернетте статистика жоқ. Мүмкін, себебі, шектеулі онлайн-ресурстарда жатыр ма?