Әбділдә Мұқашев өмірден өтті
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры Әбділдә Мұқашевтің қайтыс болуына байланысты «Ақ Жайық» газетінің ұжымына, туыстары мен достарына көңіл айтады.
Әбділдә Мұқашев құрған газет елдегі алғашқы шынайы тәуелсіз басылым болып, Қазақстан журналистеріне үлгі болды.
Әбділда Мұқашев өз мамандығының шынайы мағынасын және еркін баспасөз қағидаттарын дұрыс түсінетін журналистердің жаңа ұрпағын тәрбиеледі. Өзге тәуелсіз басылымдар сияқты оның газеті мен қызметкерлері өз кәсіби міндеттерін орындау кезінде заңсыз тексерулерге түсіп, қудалауға ұшырады. Соған қарамастан Әбділда Мұқашев пен оның командасы «Ақ Жайық» газетін өңірдегі ең табысты жобалардың біріне айналдырды. Көптеген Атырау тұрғындары, оның ішінде барлық мемлекеттік мекемелерде және ірі мұнай-газ компанияларында таңертеңгі жұмыс сағаты «Ақ Жайық» газетіне шолудан басталатын.
Жылдар бойы
газет өз баспаханасы бар баспаға айналды. Және мемлекеттің бір тиын көмегін
алмастан аймақтағы көптеген әлеуметтік мәселелердің оң шешілуіне үлес қосты.
Әбділдә Мұқашев біздің жадымызда адамдық
қасиеті жоғары және талантты
журналист ретінде қалды.