БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Ratel.kz-тің шағымын қабылдады
8 қаңтар 2019
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Ratel.kz интернет-порталдың мүддесі туралы шағымды тіркеді. Тәртіп бойынша Қазақстанның істің қолайлылығы мәселесі бойынша жауап беру үшін үш ай уақыты бар. Мемлекет шағымның тиімділігі мен мәні бойынша жауап беру үшін алты ай ала алады.
Шағымды Article 19 халықаралық ұйымы дайындады. Онда Кәсіпкер Зейнолла Кәкімжановтың «Forbes Kazakhstan» және «Ratel.kz» журналистеріне қарсы басталған сот процестеріндегі заң бұзушылықтар туралы сөз болып отыр. Естеріңізге сала кетейік, сот шешімі бойынша журналистер 50 млн. теңге төлеуі тиіс болатын.