Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Азаттық» радиосының тілшісі Жаңагүл Жүрсін ұсталды

3 қаңтар 2019

Қаңтардың 3-і  күні ақтөбелік полицейлер «Азаттық» радиосының журналисі Жаңагүл Жүрсінді ұстады.

Жаңагүл редакцияның тапсырмасымен қаржы пирамидасының басшысына үкім оқылған сотқа қатысқан. Үкім оқылғаннан кейін сотталушыны қолдау тобы, 300-ден астам адам сот залын талқандайды. Содан кейін топ көшеге ағылған. Сол уақытта арнайы жасақтың үш автобусы келеді.

Жаңагүл Жүрсін болған оқиғаны видеоға түсіреді. Оның айтуынша, белгісіз полицей оған түсіруге тыйым салады. Журналист оған және басқа да қақтығысқа қатысқан полиция қызметкерлері мен прокуратура қызметкерлеріне қызметтік куәлігін көрсеткен. Соған қарамастан оны полиция автобусына салып алып, бөлімшеге апарған. Жаңагүл  «Әділ сөз» қорының тілшісіне қоңырау шалып, оқиға туралы айтып берген.

«Әділ сөз» қорының тілшісі Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысына журналистің ұсталғаны туралы хабарлағанда олар мұны анықтаймыз деген. Жүрсіннің айтуынша, одан түсініктеме жазуды талап еткен, содан кейін оны қателесіп ұстағандарын айтып босатқан. Журналист қыз сол жерден үйіне  жету үшін такси ұстаған.

«Әділ сөз» қорының түсініктемесі:

Естеріңізге сала кетейік, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңы дүлей зілзалалар ауданында, митингілер мен демонстрацияларға, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықты білдірудің өзге де нысандарында журналист куәлігін көрсету бойынша қатысу құқығын қорғайды», журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

 

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз