«Наша Газета» сайтының бұғатталу құпиясы ашылмады
2018 жылдың 16 қарашасында «Әділ сөз» қоры Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне «Наша Газета» басылымының www.ng.kzсайтының заңсыз бұғатталуы туралы сұрау жолдаған еді. Естеріңізге сала кетейік, 15 қарашада www.ng.kz сайты ашылмай қалған болатын.
Біз өте мұқият жазылған жауапты биыл алдық. Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Н.Мауберлинованың қолы қойылған хатқа «Транстелеком» АҚ, «ASTEL» АҚ, «KazTransCom» АҚ және ҚР ҰҚК мемлекеттік техникалық қызметінен жауаптардың көшірмелері қоса берілген. Өкінішке орай, олардың бәрі бұғаттауға қатысы жоқтарын айтқан.
Ал «Наша Газета» басылымының редакциясы өз сайты жабылғаннан кейін бір аптадан соң, ресми тергеу нәтижелерін күтпестен қауіпсіздік хаттамасын ауыстырды және өз контентін пайдаланушылармен байланысты қалпына келтірді.