«Наша Газета» басылымының бұғатталуына кім жауапты?
Қарашаның 16-сында «Әділ сөз» қоры «Наша Газета» басылымының www.ng.kz веб-сайтының заңсыз бұғатталуына орай Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне хат жіберген болатын.
Бірінші болып Бас прокуратура жауап берді. Желтоқсанның 4-і күні келген жауап хатта Өтініштер және іс жүргізу басқармасының прокуроры Г. Жорақызы біздің хатымызды Ақпараттық және коммуникациялар министрлігіне жібергенін және оған жауап күту керек екенін айтқан. Біз ақпарат алу және тарату конституциялық құқығын бұзу прокурорлық тексеруге лайық екеніне сенімдіміз және оның нәтижелерін хабарлауды сұрадық.
Прокурордың осындай жауабы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінен келуі мүмкін. Енді тек Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне үміт артамыз. Бірақ ... олар веб сайтқа тосқауыл қоюға қатыспағандарын хабарлады. Бұқаралық ақпарат құралдарын басқарушы орган зардап шеккен бұқаралық ақпарат құралдарын қорғау үшін бірдеңе жасағанын білетіндер бар ма екен?