Байқау болды ма?
2018 жылдың 14 мамырында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік мақалаларға байқау жариялаған болатын. - http://kyzmet.gov.kz/ru/news/adgspk-obyavlyaet-konkurs-na-luchshuyu-publikaciyu-sredi-predstaviteley-smi-blogerov-po
Байқау Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша жарияланғаны және журналистердің кәсіби мерекесіне орайластырылғаны белгілі болған еді. Материалдар 2018 жылдың маусым айының 10-ына дейін қабылданады, байқаудың қорытындысы "материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін шығарылады"деп хабарланған.
"Әділ сөз" қоры 2018 жылы жарияланған Геннадий Бендицкийдің "Беспредел" мақалаларының жинағын байқауға ұсынып, нәтижесін өз бақылауына алған еді.
Журналистердің кәсіби мерекесіне орайда, кейінде Агенттік сайтында конкурс қорытындысы туралы ештеңе көрмедік. Хабарландыруда көрсетілген телефондар арқылы қоңырау шала бастадық. Біз жіберген кітап арнайы пошта арқылы жеткізілген. Содан кейін "жоғары кабинеттерде" жоғалып, кейін табылып "үздік жинақ" арнайы номинациясына кіреді. Бізге күзде байқаудың қорытындысы желтоқсанның 1-і күні шығарылады деп жауап берген еді.
Желтоқсанның 4-і күні біз тағы да Агенттікке қоңырау шалдық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының бастығы Дидар Смағұлов біраз ойланғаннан кейін, қорытынды желтоқсанның 9-ы күні (айтпақшы, бұл жексенбі!) шығарылады деді. Ал Бендицкийдің кітаптары ұсынылған басылымдардың қатарында жоқ. Мұны Д. Смағұлов конкурстық комиссияның шешіміне сілтеді. Комиссияға кім кірді, ол жалпы құрылды ма, қанша материал ұсынылды? Белгісіз. Бізге жай ғана байқау қорытындысы жарияланатын күннің құпиялылығының өзі қызық болып тұр.
Ол әлі күнге дейін орындалған жоқ сияқты.