Журналист Дмитрий Матвеев сотталғандарға жала жаппаған
6 желтоқсан 2018
Ақтөбелік журналист Дмитрий Матвеев құқықбұзушылықтың жоқтығына байланысты жала жабу туралы іс бойынша ақталды. Мұндай үкімді Ақтөбе қаласының № 2 сотының судьясы Т.Алданова жасады. Матвеевті қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартумен келтірілген зиянда өтелетін болды.
Журналисті жала жапты деп 2016 жылы қарашада 9 жылға бас бостандығынан айырылған Ирина Гурко айыптаған еді. Оған «Юристов тоже подозревают и арестовывают» («Эврика», 04.11.2015 г.) деген мақала себеп болған. Мақала тергеу материалдарының негізінде, ашық сот отырысы мен соттың үкіміне сүйеніп жазылған.
Ирина Гурко журналист мақаласында жалған ақпарат таратып, «абыройыма нұқсан келтірді» деп мәлімдеген.