«Әділ сөз» қоры «Наша Газета» басылымы веб-сайтының бұғатталуына орай Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Бас прокуратураға және Ақпарат министрлігіне жүгінді
Қарашаның 16-сы күні «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғаудың халықаралық қоры Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК, Бас прокуратураға, Ақпарат және байланыс министрлігіне Қостанай облыстық «Наша Газета» апталығының www.ng.kz веб-сайтының бұғатталу себептерін білу мақсатында арнайы сұрақ жолдады.
Естеріңізге сала кетейік, сайтқа Қазақстан аумағынан кіру қарашаның 15-інен бері мүмкін болмай қалған. Ресми органдарға жолданған сұраққа «Әділ сөз» қорының редакциясы мемлекеттік құрылымдардан бұғаттаудың себептері туралы ешқандай ресми ақпарат алмағанын хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» басқа да бірқатар заңдары интернет-ресурстардың оқшаулануының негіздері мен тәртібін нақты анықтайды. Сондай-ақ сөз бостандығы, ақпарат алу және тарату Қазақстан Республикасының Конституциясымен қорғалады.
«Наша Газета» және оның интернет-порталы танымал тәуелсіз басылым. Ол облыстың және еліміздің қоғамдық өмірін объективті көрсетіп, Қостанай облысындағы өзекті мәселелерді жазып және оларды тұрақты түрде шешуге тырысады.
«Әділ сөз» www.ng.kz заңсыз тыйым салынған жағдайда Бас прокуратураға заң бұзушылықтарды дұрыс саралап және ақпарат алушылардың заңды құқықтарын қалпына келтіруге және қорғауға шаралар қабылдауды сұрайды.