Сұрауға қымсынбаңыз
2018 жылдың қазан айының 2-сі күні Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «RG Brands» ЖШС-нің жеке тұлғаның өтініші бойынша ақпарат бермегені үшін әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы шығарды. Сот 72 150 теңге көлемінде айыппұл салып, компанияны әкімшілік жазаға тартты.
Азамат компаниядан қысқа мәтіндік хабарламалардың құны туралы дұрыс емес ақпаратты ұсынатын ақпараттық жүйені түзету туралы ақпарат беруді сұраған. Компания өтінішті елеусіз қалдырған. Азамат Алматы қаласының Алмалы ауданының прокурорына шағымданып, ҚРК Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңына орай әкімшілік іс қозғалған 189 б. 1б (жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзу).
Ақпарат алу құқығы бұзылған жағдайларда сот арқылы әділеттілікке қол жеткізуге болатындығын айқын көрсететін соттың үлгілі ісі (прецедент) болды.
Құрметті журналистер, «Әділ сөз» қоры «Ақпарат бер!» акциясы туралы естеріңізге салады. Қор сізге ақпарат берілмеген жағдайда немесе ақпарат берудің орнына заңсыз әрекеттерге, мерзімдерді бұзуға немесе сұралған ақпараттың орнына ресми жауап берілуіне байланысты шағымдануға болатынын ескертеді. Бұл мәселе бойынша заңгерлер кеңес беруге, құжаттарды ресімдеуге көмектеседі және сотта сіздердің құқықтарыңызды қорғауға дайын.