Ақпарат бер!
«Әділ сөз» қоры Сот репортерлары гильдиясымен бірге журналистердің ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын қорғау бойынша «Ақпарат бер!» науқанын одан әрі жалғастырады.
Барлық заңдарға қарамастан, лауазымды шенеуніктер өздері басқаратын құрылым туралы ақпаратты жиі жасырады. Олар көп жағдайда журналистер сұрау салған сауалдарға жауап бермей, ақпаратты жасырып қалады. Кейде ақпараттың өзектілігі жоғалған кезде толық емес немесе жартылай формальді түрде жауап береді. Мұнымен қашанғы келісуге болады? Ақпарат журналист пен бұқаралық ақпарат құралдарының жеке басына қажет емес. Ақпарат сіз бен біз қызмет етіп отырған қоғамға керек. Журналиске бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін күресуге уақыт жоқ. Ол күш пен білімді талап етеді.
«Әділ сөз» қорының веб-сайтында «Ақпарат бер!» атты арнайы бөлім жасалды. Ол жерден сіз ақпарат алу құқығыңыз бұзылғанда оны қалай қорғау керек? Осыған тиісті үлгі құжаттар мен қысқа түсініктемелерді таба аласыз . http://www.adilsoz.kz/p/zakon «Әділ сөз» қорының адвокаттары бұл мәселе бойынша кеңес беруге дайын, құжаттарды ресімдеуге көмектеседі және сотта сіздердің құқықтарыңызды қорғауға дайын. Ол үшін барлық іс-әрекеттерді сауатты түрде орындау және сотқа ұсынуға сенім хат беру қажет.
Бізге хабарласыңыз, біз бірге боламыз!