Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Апелляциялық кеңес Геннадий Бендицкийдің балаларының шағымын қанағаттандырмады

15 қазан 2018

Қазанның 15-і күні Алматы қалалық сотында белгілі журналист Геннадий Бенцкийдің мұрагерлері оның балалары Олег пен Екатеринаның   апелляциялық шағымы қаралды.

Ratel.kz-тің негізін қалаушы Геннадий Бенцкийдің ұлы мен қызы сәуірдің 18-і күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің  Ratel.kz-ті тіркеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану, оны жою және заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерді толық жою туралы №2 бұйрығын заңсыз деп тануды  сұраған болатын.

Жазда олар Алматы қаласының Әуезов аудандық сотына осындай арыз берген, бірақ сот ол арызды қабылдамады.

 

Апелляциялық кеңес Ақпарат министрлігінің бұйрығын заңды деп таныды, Бендицкийдің балаларының шағымын қанағаттандырмады.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз