Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Сот павлодарлық жала жапты деп айыпталған журналисті ақтады

1 қазан 2018

Бүгін Павлодар қаласының № 2  соты  "Время" газетінің тілшісі Ольга Вороньконың ісі бойынша үкім шығарды.

 

Бүгін Павлодар қаласының № 2  соты "Время" газетінің тілшісі Ольга Воронько ісі бойынша үкім шығарды.  Судья Жанар Тұрлыбаева журналисті кінәсіз деп таныды. Оған тағылған ҚК 130-бабының, 2-бөлімі "Жала жабу"бабы бойынша  журналист  қылмыс құрамының болмауына байланысты жәбірленушіге келтірілген моральдық  шығынды өтемейтін болды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ және 15 күн ішінде үкімге қарсы шағым жасалуы мүмкін.

 

Естеріңізге сала кетейік, журналисті павлодарлық кәсіпкер Флюра Магзюмова,  «Вечная школьница» ("Время", 30.03.2018) мақаласында жала жапты деп айыптаған болатын. Мақалада Ақсу ауылдық аймағындағы Береке ауылындағы мектептегі шу туралы айтылған болатын. Мектептегі асхананы жалға алған Флюра Магзюмова басқарған асхананы тексеру кезінде,, санитарлық дәрігерлер сорпа мен  салаттан ішек таяқшасын тапқан. Анықталғандай, мұндай жағдай бұрын Мағзюмова жалға алған басқа асханаларданда  орын алған.

 

Айыптау шағымы сотқа маусымның 16-сы күні түскен. 

 

Судьялардың жиі ауысуы мен айыпталушыға арнаулы мемлекеттік қорғаушыны тағайындау себеінен шағымды қарауға үш айдан артық уақытқа созылған.  Сот процесі барысында жәбірленуші Магзюмова сотталушының 1 жылға бас бостандығын шектеп, 3 млн. теңге моральдық шығын мен адвокаттың ақысын өндіріп беруді сұраған болатын. 

Өз сұрағыңызды қойыңыз