Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Арбада отыратын мүгедектің сотына журналистерді кіргізбеді

20 қыркүйек 2018

Қыркүйектің 20-сы күні Астана қаласының Есіл аудандық сотында Жасұлан Сүлейменовтің ҚР Қаржы министрлігіне қарсы талап арызы бойынша соттың  бірінші мәжілісі өтті.

 

Қыркүйектің 20-сы күні Астананың Есіл аудандық сотында  Жасұлан Сүлейменовтің  ҚР қаржы Министрлігіне қарсы талап арызы бойынша сот отырысы өтті. Талап арыздың бастамашылары Азаптауларға қарсы Қазақстан ҮЕҰ Коалициясы және Адам құқықтары мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі  Қазақстан халықаралық бюросы. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері тарапынан азаптаудың құрбаны болып, белінен төмен сал болып қалған талапкер ҚР қаржы Министрлігінен 5 млн. теңге моральдық зиянды өндіріп алуды талап етті. Бұған БҰҰ азаптауларға қарсы Комитетінің шешімі негіз болған еді.

 

Судья Мадина Давлетова сот  процесі ашық дегенімен бірақ сотқа келген журналистерге іс туралы ақпарат таратуға  қарсы болды. Ол бұл бірінші сот отырысы тек іспен танысу әңгімелесу түрінде екендігін айта келіп, аудио, бейнежазба түсіру туралы  журналистердің өтінішін  қанағаттандырмады.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз