Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Семей Айнасы» агенттігі ақпаратты сот арқылы талап етті

5 қазан 2018

2018 жылдың қазан айының 4-і күні Семей қалалық сотында ақпарат агенттігінің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіне қарсы түсірген шағымына орай соттың бірінші отырысы өтті.

 

2018 жылдың қазан айының 4-інде Семей қалалық сотында ақпарат агенттігінің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіне қарсы шағымы бойынша бірінші кеңес өткізілді. Соттың өтуіне университеттің ақпарат беруден бас тартуы негіз болған.

 

«Семей-Айнасы» ақпарат агенттігі бұрын жасалған лоттың орындалу барысы туралы ақпарат сұраған болатын. Материалдар мен баннерлер қайда орналастырылғанын, қандай сілтемеден табуға болатынына сұрау салған. Университет ақпарат беруден бас тартып, лот орналастырылған интернет ресурсы бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайды деген.

«Семей Айнасы» ақпарат агенттігі университеттің ақпарат беруден  бас тартуымен келіспей ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-тарауының негізінде сотқа шағым берді.

Сотта университеттің өкілі ақпарат беруден бас тартуға басқа себеп негіз болды деді. Мысалы, журналистердің жазбаша өтінішінде ақпарат  агенттігі  ақпарат министрлігінде  бұқаралық ақпарат құралдары ретінде тіркелген  куәлігінің нөмірі мен күнін көрсетсе де олар ақпараттық агенттікті бұқаралық ақпарат құралы екенін білмеген.

Келесі кездесу 2018 жылдың қазанның 9-ында өтеді.

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз