Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналист Светлана Глушкованы «қателесіп» ұстаған

18 қыркүйек 2018

Азаттық радиосы хабарлағандай, қыркүйектің 17-сі күні Астананың полиция қызметкерлері журналист Светлана Глушкованы «саяси қуғын-сүргіндерді қолдау жөніндегі» іс-шараға келген кезде ұстаған. Оны Есіл аудандық полиция бөліміне полицияның автокөлігімен алып барған.  Ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары шығып журналисті «қателесіп» ұстағандарын айтып, кешірім сұраған.  

Глушкованы полиция көлігі қайтадан оқиға орнына  - Батыс елдерінің дипломатиялық миссиялары орналасқан Космонавтов көшесіне жеткізген. Сол жерде іс-шара өтуі керек болған.

Полиция қызметкерлері журналистпен бірге сол маңайда өтіп бара жатқан ақ түсті футболка мен қара күртеше киген қызды да көліктеріне салып алған.  Қызды да  полиция бөлімінің ғимаратына автокөлікпен жеткізген. Оның одан кейінгі тағдыры белгісіз.

Қыркүйектің 17-сі күні Космонавтов көшесінде 10 шақты полиция қызметкерлері жүрген. Куәгерлердің айтуы бойынша, наразылық акциясы өтеді деген жерде полиция қызметкерлері негізінен ақ киім киген азаматтарды тоқтатқан.

Оның себебін Азаттық радиосы, - қыркүйектің 13-і күні күні шетелде тұрып жатқан банкир және билікті сынаушы  Мұхтар Әблязов өз оқырмандарына ақ киім киіп, суреттерін әлеуметтік желіде жариялауға ұсыныс жасаған. Осылайша "саяси тұтқындар тізіміндегі" қудаланып жатқан азаматтық белсенділерді қолдауға шақырған.

«Әділ сөз» Ішкі істер министрлігіне ұсыныс жасайды:

Әбілязовтың тағы бір арандатушылық ұсынысынан кейін азаматтардың болашақта «қате түрде тұтқындалмауы» үшін азаматтарға «қауіпті аймақта» қандай түсті  киімдермен жүруге болмайтындығын кеңінен хабарлауы тиіс.

 

 

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз