Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Біз сізге көмектесуге дайынбыз

8 қыркүйек 2018

Қыркүйектің 8-і күні әлемде журналистердің халықаралық ынтымақтастық күні 60-шы рет атап өтіледі.

Қымбатты әріптестер,

Қыркүйектің 8-і күні әлемде журналистердің халықаралық ынтымақтастық күні 60-шы рет атап өтіледі. Осыдан 75 жыл бұрын мәңгілік ескірмейтін «Репортаж с петлей на шее» деген мақаласы үшін чех журналисі Юлий Фукик өлім жазасына кесілген болатын.

 « Әділ сөз» Cот репортерлары  Гильдиясымен бірге осы жылы бұл атаулы датада тек құттықтаумен шектеліп қоймай, іс жүзінде ынтымақтастық көрсетейік деп шешті.  Журналистердің «Ақпарат бер!» ақпаратқа қол жеткізу құқығын қорғау жөнінде  науқан бастайды.

Заңдарға қарамастан, лауазымды шенеуніктер өздерінің агенттігі жайлы немесе өздері туралы ақпаратты жасырады. Олар  жолданған сұраққа құпиялылықты сылтау етіп жауап бермейді. Немесе ақпарат құндылығын жоғалтқан кезде ғана жауап береді. Бұған қанша уақыт төзуге болады? Ақпарат журналистерге немесе бұқаралық ақпарат құралдарына  ғана керек емес, ақпарат біз қызмет ететін қоғамға қажет. Осындай заң бұзушылық үшін  күресуге уақыт жоқ, ол күш пен білімді талап етеді.

«Әділ сөз» веб-сайтында «Ақпарат беріңіз!» арнайы бөлімін ашты.http://www.adilsoz.kz/p/zakon Ақпарат алу құқығы бұзылғанда қалай өз құқығын қорғау керек?   «Әділ сөз» адвокаттары осы мәселе бойынша кеңес беруге, құжаттарды ресімдеуге көмектеседі, сотта сіздердің құқықтарыңызды қорғауға дайын. Ол үшін барлық алдын-ала іс-қимылдарды сауатты орындау және сотқа ұсынуға сенімхат беру қажет.

Хабарласыңыздар, біз біргеміз!

 

 

.

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз