Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Кемелділікке шектеулер жоқ па?

4 қыркүйек 2018

Кемелділікке шектеулер жоқ па?

Қымбатты әріптестер,

 

Біздің тынымсыз жұмыс істеп жатқан  ақпарат министрлігі кемелділікке жаңа қадам бастамақ. Ешқім естімеген тендер өткен. Ол тендерде аты-жөндері белгісіз  ғалымдар халықаралық және ұлттық БАҚ туралы заңдарды зерделеу үшін грант ұтып алған. (Супер беделдері туралы зерттеулер өте аз болған секілді!)

Тамыз айында БАҚ-тың ҮЕҮ өкілдері мен телеарналардың заңгерлері осы топтың жетекшісімен кездескен.  Басқалар сияқты „Әділ сөз„ ұйымыда өзінің концепциясын, Артикль 19 меморандумының және ЕҚЫҰ-ның ұсыныстарын жіберген болатын.

Ертең,  қыркүйектің 5-і күні жаңа кездесу. Олар зерттеудің алғашқы нәтижелерін ұсынуға уәде берді. Ал министрлік қазірдің өзінде шақырылғандарға өздерінің  кездесуде талқыланатын тақырыптарын ұсынды.  Қазірге тақырыптардың саны 9. Соның таңдалғандары:

«1. Азаматтардың ақпараттық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің міндеттері:

 

- бұқаралық ақпарат құралдарда плюрализмді қалыптастыру және қорғау жөніндегі мемлекеттің міндетін нығайту;

 

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын әзірлеу арқылы ақпаратты манипуляциялауға қарсы  тұру және азаматтардың ақпараттық мәдениетін жетілдіру қажеттілігін ескеру;

 

-  плюрализм қағидаттары, тәуелсіз редакциялық саясат, кемсітушілікке жол бермеу принциптерін БАҚ жүйесі қызметінде толықтыру.

...

4. Ақпаратты тарату мен адамның жеке өміріне қол сұқпау құқығының арасындағы теңгерімді сақтау;

 

- БАҚ туралы заңға  «қоғам қайраткері» және «журналистік зерттеу» ұғымдарын енгізу;

 

- бұрынғы жарияланған ашық қолда бар бейнелер мен ақпаратты пайдалана отырып, оның келісімінсіз адамның жеке өмірі туралы суреттерді және деректерді жариялау мүмкіндігін болдырмау;

- БАҚ беттерінде  қысқа әрі елеусіз мақалаларда  тұлғаның  келісімінсіз суретін  жариялауды енгізуге;

- қоғам қайраткері болып табылмайтын адамдардың жеке өміріне қатысты деректерді жариялауды болдырмау;

 

- азаматтардың бұқаралық ақпарат құралдарына және сот органдарына оларға қатысты ақпараттың таралуына жол бермеу туралы талап қоюға құқығы бар.

...

7. Жеке деректерді қорғау саласында:

- Азаматтардың бұқаралық ақпарат құралдарынан және Интернет-ресурстардың иелерінен өздеріне қатысты ақпараттарды алып тастау мен өзгертуді (ұмытып кету құқығын) сот арқылы талап ету құқығы ұсынылады ».

 

Кездесу Алматы қаласындағы Қазақстан қонақүйінің, Жамбыл конференц-залында сағат 10.00-де басталады. Қосар пікіріңіз бен айтар ойыңыз болса,
Өз сұрағыңызды қойыңыз