Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Судья бұдан былай журналистердің құқығын бұзбайтын болды

29 тамыз 2018

Cот репортерлары  Гильдиясы төрағасының орынбасары Серікжан Мәулетбайға өзінің шағымы бойынша  Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынан жауап келді. Жауап  тамыздың 28-і күні  электрондық пошта арқылы жіберілген. Және тамыздың 8-і күні жіберілгені сканерленген құжат болып табылады.

 

Шағым  шілденің 13-і күні жолданған. Осы күні  «Специальная финансовая компания DSFK» («DSFK») «Алма Телекоммуникейшнс Казахстан» АҚ-на («Alma TV» тауар белгісі) қарсы іскерлік беделін қорғау бойынша сот отырысы өткен. Көптен күткен жауапқа сот төрағасы Е.Бекбаев:

 

«Тексеру барысында 2018 жылы шілденің 13-інде сот талқылауына сағат 15-20-да  «Сот репортерлері гильдиясы»ҮЕҰ өкілі және «Әділ сөз» сөз бостандығы жөніндегі халықаралық қорының өкілі келген.

 

Алайда, судья Әшімханова А.Р.  ашық сот отырысына қатысу үшін жазбаша өтініш беру  керек деп журналистерді  сот отырысына кіргізбеген.

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 19-бабының 7-тармағына сәйкес, іс бойынша жұмыс істейтін адамдар және ашық сот отырысына қатысқан басқа да адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сот отырысында ескертпелер жазуға, оны аудио-цифрлық құралдар арқылы жазып алуға, сот залында кинотаспа мен фотосурет, бейнежазу, тікелей радио және телехабар тарату, ақпараттық және коммуникациялық интернет желісінде бейнетүсірілімге рұқсат етіледі. Соттың рұқсатымен сот талқылауына қатысады және iске қатысушы адамдардың пiкiрiн ескередi. Бұл сот отырысының хаттамасында жазылған соттың ұйғарымында көрсетіледі. Бұл әрекеттер сот отырысының қалыпты жұмысына араласпауы керек және сот уақытында шектелуі мүмкін.

 

Осылайша, судья Әшімханова А.Р. ҚР АК-нің нормаларын бұзған.

 

Бұл факт судьялардың жедел отырысында қаралды, онда судья А. Әшімхановада болды. Оған мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу қатаң түрде ескертілген. 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз