БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ БАРЛЫҚ АДАМДАРҒА ОРТАҚ ЕМЕС ПЕ?
«Курсив» газетінің журналисі Тамара Сухомлинова «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Е.К. Керейге жазбаша өтініш түсірді. Журналисті әуежайдың ұшып-қону алаңы, әуежай ғимаратын жаңғырту, тасымалданатын жолаушылар көлемі, қауіпсіздік мәселесі, көрсетілетін қызметтің тарифтері қызықтырған.
Алайда, тілшіге «БАҚ туралы» заңда белгіленген мерзімде жауап берілмеді. Басқарма төрағасының орынбасары Г.К. Кабдуалиева журналистке «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ басылымға жауап беруге міндетті емес екенін түсіндірген. Оның айтуынша, газет бақылаушы мемлекеттік орган немесе кәсіпорынның акционері болып табылмайды және сұрау салуға жауап берудің кез-келген уақытын белгілеуге құқылы емес. Кабдуалиева ақпарат беруден бас тартатындықтарын және өзінің айтқан уәжін жазбаша түрде бергісі келмеген.
Осы мәселеге «Әділ сөздің» түсіндірмесі:
Әуежай қызметкерлерінің назарына: олар журналис жолдаған сауалдарға ақпарат беруге міндетті. Бұл жағдайда «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ ақпаратқа еркін қолжетімділік нормаларын бұзды. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2, 18-1-бөлімін, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес журналистің ғана емес, «Курсив» газетінің оқырмандарының құқығын да бұзды.
Ақпарат беруден заңсыз бас тартқаны үшін азаматтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік белгіленген.