АКАДЕМИКТІҢ «DAT»-қа ҚАРСЫ ТАЛАП АРЫЗЫ ОНЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫ
Тамыздың 20-сы күні Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында Қазақ мемлекеттік Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова мен «Общественная позиция» («DAT» жобасының жалғасы) газетінің иесі мен қызметкерлері және Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Шынаргүл Талаеваға қарсы талап арыз тоқтатылды.
Бүгінгі отырыста талапкердің адвокаты талап арызды қайтаруды және қараусыз қалдыру туралы өтініш берді. Сот өтінішті қабылдап, тиісті қаулы шығарды.
Естеріңізге салсақ, соттың өтуіне «Дәрігердің қатерлі қудалануы» деген мақаланың жарық көруі себеп болған. («Общественная позиция», 26.10.2017 ж.).
«Қатерлі қудалау» сөзі ... заңдылықты ғана емес, маған жүктелген функцияларды орындауға қатысты этикалық нормаларды бұзды, - делінген талап арызда. Академик Диляра Қайдарованың пікірінше, мақаланың авторы және редакциялық алқа оны сыбайласқан жемқорлық құқықбұзушылығын жасады деп, атап айтқанда институттың қызметкері Шынаргүл Талаеваның агентуралық қызметті ұйымдастырғаны үшін қудалауға ұшырады деп айыптады.
Талапкер мақалада келтірілген деректерді жоққа шығаруды, кешірім сұрауды және 10 млн. теңге моральдық шығын өндіріп беруді талап еткен болатын.