Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

ЕЛ ЕСІНДЕГІ ЖУРНАЛИСТ

14 тамыз 2018

Тамыздың 14-і күні аты аңызға айналған «Дат» газетінің бірінші бас редакторы Шәріп Құрақбаев қайтыс болды. Оқырманның сүйіспеншілігіне бөленген басылымды халық қолдан қолға өткізіп, ауылдан ауылға поезд арқылы алдырып  оқыған. Бұл туралы ол 2000 жылы берген «Дат туралы естеліктер» деп аталатын сұхбатында айтылады.

Одан кейін Шәріп Құрақбаевтың журналистік қызметі Қазақстанда  құйрықты жұлдыздай жарық етіп, бірақ ерте сөнген «Сөз» және «Правды Қазахстана»  газеттерімен жалғасты.... 

Өмірінің соңғы сәттерінде Шәріп Құрақбаев «Аңыз адам» журналында қызмет істеді. Ол «Әділ Сөз» қорымен  де жұмыс істеді. Оның адалдығы, кәсіпқойлығы және жоғары жауапкершілігі ерекше болды. Өте қарапайым еді.

Ол өзінің тарихтағы рөлі, елдегі тәуелсіз журналистиканың бастауында тұрғаны, оның іргетасын қалағаны, мысалға айналғаны туралы  ешқашан ойлаған жоқ. Өзінің төл баласындай болған еңбектерінің жабылғандығы оның өміріне, денсаулығына қатты әсер етті. Бірақ бұл еш жерде айтылмады. Бүгін естіп-біліп отырғанымыздай ол оның өмірден ерте кетуіне себепші болды.

 

Қош бол, әріптес!!!

 

«Әділ сөз» қорының ұжымы. 

Өз сұрағыңызды қойыңыз