Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

АШЫҚ АҚПАРАТ БАРЛЫҚ АДАМДАР ҮШІН ЕМЕС

14 тамыз 2018

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері Алматы қаласының әкімі Б.Байбекке ашық хат жазды. Журналистер қол қойған хаттың жазылуына тамыздың 10-ы күні  ҚазТАГ агенттігінің тілшісі қаланың қауіпсіздік мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысына кіре алмағандығы,  әкімдік баспасөз қызметі жиынға журналистерді таңдап шақырғандығы себеп болып отыр.

Осыған орай халықаралық «Әділ Сөз» қоры:

«Әділ сөз» қоры журналистердің бұл шағымын қолдайды. Өкінішке орай, бұл орын алған жағдай. Әйтпесе, баспасөз қызметінің осы мінез-құлқын ақпарат алу кезіндегі дискриминация ретінде атау қиын. Ресми тұлғалар «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» ҚР Заңының 4-бабына 5-тармағында бекітілген ақпаратқа тең қол жеткізу принципін бұзды.

Интернетте журналистерге  ҚР ҚК 158 бабында көрсетілген «Журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасалған»  жағдайда құқық қорғау органдарына кінәлі лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға жиі кеңес беріліп жатады.

Ия, мұндай норма бар, бірақ қылмыстық іс қозғау оңай емес. Қызметкердің заңсыз әрекеттері туралы жоғары тұрған органға және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шағым беру тиімдірек.

Жалпы құқығы бұзылған журналист лауазымды адамның заңсыз әрекеттеріне қарсы шағымданар кезде, ол өзінің не көздейтінін анықтап алуы керек: дау-жанжал тарату ма, әлеуметтік желілерде шынайы ақпарат тарату немесе оның  жағдайды шынайы өзгерткісі келе ме? Ресми тұлғаға бұқаралық ақпарат құралдарының шеңберін және іс-шараға қатысатын журналистерді анықтау үшін өз қалауынша рұқсат берілмейді. Егер журналист жағдайды өзгертуге ниеттенсе, лауазымды тұлғаның заңсыз әрекеттеріне жоғары тұрған органдарға тіпті Президент Әкімшілігіне дейін шағымдану тиімдірек.

 

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз