Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Алматының Мамандандырылған экономикалық сотының судьясы сот отырысын журналистердің қатысуынсыз өткізуге тырысты

13 шілде 2018

13 шілдедеАлматының ауданарылық мамандандырылған экономикалық сотында «DSFK (ДСФК) арнайы қаржыкомпаниясы» ЖШС өзінің іскерлік беделін қорғап, «Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» («Алма ТВ» сауда маркасы) АҚ-ны сотқа берген талап-арызы бойынша, бірінші сот отырысы өтті.

Сот залында түрлі басылымдардыңжурналистері жиналды.Соны көрген судья Айгүл Әшімханова БАҚ өкілдерін залдан шығуын талап етті.Журналистердің «талапты негіздеуді» сұраған өтінішіне, судья «сіздердің сотқа қатысуларыңызға менің рұқсатым керек және екі тараптың бірінің алдын ала өтініш жасауы қажет» деп жауап берді. Алайда сот залында отырғандардың ешқайсысы сот залынан шыққан жоқ.

Баспасөздің бұл процеске неге соншама қызығушылық танытып отырғанын эмоционалды түрде анықтаған соң, судья 3 тамызға дейін үзіліс жариялады.

Анықтама үшін:

2018 жылы 22 мамырда «Алма ТВ-ның» ресми сайтында «Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» («Алма ТВ» сауда маркасы) АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Пархоменконың ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» Ұлттық палатасы (КҰП) төралқа төрағасының атына жолдаған ашық хатыжарияланған еді.

А. Пархоменко сол хатта құны 80 млрд. теңге тұратын «Алма ТВ-ны» 16 млрд. теңгені құрайтын қарызы үшін ДСФК қызметкерлері қазіргі қожайынынан тартып алуға тырысып жатқаны туралы мәлімдеген болатын.

«DSFK (ДСФК) арнайы қаржы компаниясы» ЖШС: «Алма ТВ» АҚ таратқан мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді және ЖШС-ның іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп тануды сұраған, сондықтан «Алма ТВ» АҚ «Атамекен» КҰП-қа жолдаған хатын жазбаша түрде кері шақыртып алу арқылы жариялаған мәліметтерді жоққа шығаруды, сондай-ақ сол хатты «Алма ТВ» интернет-ресурсынан алып тастауды және «Жаңалықтар» бөлімінде «шындыққа сәйкес келмейтінін мәліметтердің жариялағаны» туралы жазып қоюды талап еткен.

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз