Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

PR-агенттіктің жетекшісі Юрий Дороховтың үйінде тінту жүргізілді

12 шілде 2018

Бұл туралы «Инсайт Медиа» PR-агенттігінің директоры өзінің Facebook парақшасында хабарлады. Тінту – Мемлекеттік кіріс экс-министрі З. Кәкімжановтың арызына сәйкес ҚР ҚК-ның 274-бабы (көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша қозғалып, сотқа дейінгі тергеу ісі шеңберінде жүргізілген.

З. Кәкімжанов Ratel.kz және Forbes Kazakhstan интернет-порталдарының журналистерін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Ratel.kz аналитикалық порталының бас редакторы Марат Әсіповке «күдікті» деген мәртебе берілді. Ratel-дің журналистері Сапа Мекебаев, Анна Калашникова және ForbesKazakhstan бас редакторының орынбасыры Александр Воротилов бұл іс бойынша қорғануға құқы бар куәгер ретінде өтіп жатыр.

«Мен де қорғануға құқы бар куәгермін, яғни бес минутсыз күдіктімін. Үнемі тергеуге шақырып, құжаттарымды тәркілеп әкетті», - деп жазды Дорохов өзінің Facebook парақшасында,

Оның үйінде тінту жүргізіліп, ноутбук пен балалардың гаджеттері тәркіленген.

Дорохов өзінің Ratel.kz мен Forbes Kazakhstan сайттарына қандай қатысы бар екенін түсінбейді: «Кәкімжанов мырзаның бұрынғы әріптесі Виталий Процентов маған коммуникация маманы ретінде шыққан болатын. Мен оған баспасөз мәслихатын ұйымдастыруға және БАҚ-тармен қалай сөйлесу керектігіне көмектескен болатынмын. Себебі мен әркімнің қорғануға құқы бар екеніне сенімдімін. Ал жариялылық – қорғанудың бір формасы, кейде ол – соңғы үміт. Мен өзімнің сол кезде (қазір де) шындықты айтқаныма сенімдімін. Медеу аудындық соты бірақ басқаша шешіп, редакцияға, журналистерге және Процентовке 50 млн теңгеге жуық айыппұл салды. Ол аз болғандай, бір рет рет айыпұлмен жазаланған адамдарды енді қылмыстық жауапкершілікке тартайын деп отыр»,  

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз