Белгісіз біреулер полиция қызметкерлеріміз деп Адам құқықтары жөніндегі бюроның журналисі Андрей Свиридовқа келген
3 шілдеде сағат 18-дер шамасында Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның (АҚЗСҚХБ) шолушы-журналисі Андрей Свиридовтің үйіне екі адам келген. Олардың біреуі өзін Бостандық аудандық полиция басқармасының (АПБ – РУП) учаскелік инспекторым деп таныстырып, түсініксіз бір құжатты тез көрсеткен. Журналист ол адамның аты-жөнін оқып үлгермеген. Ал екіншісі өзін мүлдем таныстырмаған.
Олар Свиридовке «Бостандық АІІБ-нің (РУВД) тергеу бөліміне сағат 15:00-де келуіңіз керек» деген құжатты табыс еткен. Алайда ол қағазда қай күні келу керектігі көрсетілмеген – бүгін бе, ертең бе? Және ол құжатта «Шақыру қағазы» деген сөз де жоқ болған. Сондай-ақ журналисті қай іс бойынша және кім ретінде тергеуге шақырып отырғаны да айылмаған (әңгімелесуге ме, әлде іспен таныстыруға ма?). Ана екі адамның айтуынша, журналист олармен бірге дереу тергеуге баруы керек екен.
Свиридов жұмыс уақытының аяқталғанын және құжат дұрыс рәсімделмегенін айтып, олармен бірге жүруден бас тартқан. Андрей, сонымен бірге, «дұрыс жазылған» шақыру қағазын оның жұмыс істейтін АҚЗСҚХБ-ге әкеліп табыс етуін сұраған және сол жерде Бюроның заңгерлері полиция қызметкерлерінің талабының заңдылығын анықтайды деген. Егер шақыру қағазы дұрыс толтырылса, онда ол көрсетілген уақытта адвокатпен бірге АІІБ-ге келуге сөз береді.
Алайда шілденің 4-де сағат 13-ке дейін Андрей Свиридов шақыру қағазын алмаған.