Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Уральская неделя» газетінің төңірегіндегі жағдай және заң не дейді

20 маусым 2018

«Уральская неделя» газетінің YouTube-тегі арнасында құқыққа қайшы комментарийдің пайда болғаны үшін басылымның жетекшілері мен журналистерін тергеудің астына алуы – көптеген болжамдар тудырып және онша сауатты емес түсініктемелер беріліп жатыр. Осыған орай «Әділ сөздің» заң қызметі жағдайды түсіндіреді: «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 1-бабы 4-тармағына сай: «БАҚ – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны болып табылады» деп көрсетілген. Біз БАҚ-тың «тарату» және «мерзiмдi» деген белгілеріне назар аударамыз. Бұл дегеніңіз, біріншіден, «МЕРЗІМДІ тарату» - БАҚ-тың басты ерекшелігі екенін атап айтқымыз келеді. Ал «Жан Байжанов» деген никпен біреу комментарий жазса, ол ақпаратты мерзімді тарату болып табылмайды, яғни БАҚ-тың өнімі емес.


Екіншіден, «тарату». Бұл комментарийді кім таратты?Редакция қызметкерлері оны істеген жоқ, оны әзірге анықталмаған біреу істегені белгілі болып отыр. «Уральская неделя» газетінің сайтында бұл комментарий жоқ. Түсініктеме YouTube сайтында тараған. Олай болса, барлық талаптар сол сайтқа және комментарийдің нақты авторына қойылуы керек.




Өз сұрағыңызды қойыңыз