«Уральская неделя» газетін заңсыз митингтер ұйымдастыруға қатысы бар деп тексеріп жатыр
Тамара Еслямова БҚО ІІД-де тергелген соңредакцияға оралды.Полицияда оған:YouTube-т жарияланған бейне материалдың астына белгісіз біреу митингке шақырған түсініктеме жазу фактісіне орай сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған. Ал YouTube-тегі материал «Уральская неделя» сайтынан алынған, сондықтан газеттің шығарушысы Тамара Еслямова мен сайттың және басылымның әлеуметтік желілердегі парақшаларының редакторы Рауль Упоров тергеуге куәгер ретінде шақырылған.
Журналистердің айуынша, егер полиция мен белгісіз біреудің түсініктемесі болмағанда, олар Қазақстанда митинг өтейін деп жатқанын білмес те еді.
Тергеушінің жауап алуынан кейін, Т. Еслямованы прокуратура қызметкері басқа кабинетке әңгімеге шақырған. Ол журналиске «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу ережелері туралы» заңын бұзуға болмайтыны жөнінде алдын ала ескертуді табыс етуге тырысқан. Тамара Еслямова ештеңеге қол қоймайтынын айтқан.
ІІД ғимаратында Еслямованың тергеуден шығуын тосып тұрған Азаттық радиосының тілшісі Санат Урналиевті де тергеуге шақырған. Журналист газеттің шығарушысынан сұхбат алып болған соң, полиция қызметкері оған да шақыру қағазын табыс еткен.
«Уральская неделя» газетінің редакторы Лұқпан Ахмедьяров та: «қазір ғана мен және тілші Мария Мельникова бүгін тергеуге келу керектігіміз туралы шақыру қағазын редакцияға әкелді» деп хабарлады Facebook-те.