Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Уральская неделя» газетінің қызметкерлерін тергеуге шақырды

19 маусым 2018

18 маусымда «Уральская неделя» газетініңшығарушысы Тамара Еслямова БҚО ІІД (ДВД) қозғаған қылмыстық іс шеңберінде куәгер ретінде шақыру қағазын алды.

Шақыру қағазын полицияның екі жедел қызметкері табыс етті, алайда олар журналисті қандай іс бойынша шақырып жатқанын айтудан бас тартқан.

Куәгер ретінде, сондай-ақ, uralskweek.kz сайтының әкімшісі Рауль Упоровты да ІІД-ге шақырған. Бірақ ол да өзін не үшін шақырғанын біле алмады. Қазіргі уақытта Еслямова мен Упоров тергеуде.

  

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз