"Время" газетінің тілшісі Ольга Вороньконы жала жапты деп айыптап отыр
Наурыз айының соңында Ольга Вороньконың «Время» газетінде «Вечная школьница» атты мақаласы жарияланды, онда тілші Ақсу селолық округіне қарайтын Бере ауылының мектебінде болған шатақ туралы жазған. Флюра Мағзумованың жалға алған мектеп асханасын тексергенде,санитарлық дәрігерлер сорпадан «ішек таяқшасын» тапқан. Кейін анықталғандай, мұндай оқиғалар Мағзумова жалға алған басқа да мектеп асханасыналарында орын алыпты.
16 маусымда журналист Ольга Воронько – мақаланың кейіпкері Павлодар қаласының қылмыстық істерді қарайтын сотқа мақала авторын жала жапқаны үшін жауапқа тартуды сұрап, жеке шағым түсіргенін біледі. Судья шатақты сотқа дейін реттеу мақсатымен 20 маусымда кәсіпкер мен журналисті алдын ала әңгімеге шақырады. Бұл туралы Ольга 16 маусымда, сенбі күні алған хаттан біледі.
«Сенбі күні,16 маусымда, - деп жазады ОльгаFacebook-тегі өз парақшасында, - маған пошта арқылы №2 Павлодар сотының судьясы Бакеновадан: Ф. С. Мағзумова мені айыптайтын жеке шағым түсіргенін хабарлайтын қаулы жіберіпті.Қаулыда жеке шағымның көшірмесі де жіберілгені айтылған. Алайда мен ол көшірмені алмадым. Бүгін, 18.06.2018 жылы қаулыда көрсетілген №2 соттың судьясының 512793 телефонына хабарласып, 20.06.2018 жылы сағат 12-ге белгіленген алдын ала әңгімеге дейін маған жеке шағыммен танысуға мүмкіндік беруді сұрадым. Бірақ маған ондай мүмкіндік бермеді. Соттағылар: «шағымды тек әңгіме барысында көресіз» деп мәлімдеді. Осылайша, мені аладын ала әңгімеге дайындалу мүмкіндігімнен айырып, менің құқықтарымды бұзып отыр деп санаймын».
«Әділ сөздің» ТҮСІНІКТЕМЕСІ:
ҚР ҚПК-ның (УПК) 64, 65-баптарының ережелеріне сай, айыпталушы өзіне таққан айыппен және шағыммен танысуға құқы бар, сондай-ақ айыптаушы сотқа көрсеткен дәлелдермен де танысуға құқы бар. Қазір журналист өзінің процессуалды құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылып отыр, яғни ол 20.06.2018 жылға белгіленген әңгімеге дайын емес.
Біз Ольга Воронькоға: шағымның көшірмесі мен оның қосымшаларын, атап айтқанда, шағымданушы журналистің кінәсін дәлелдеуге тырысқан құжаттарды беруді сұрап, сотқа өтініш жазуға кеңес береміз.