СЕЙІТҚАЗЫ МАТАЕВ ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ҚАЙТАДАН САЙЛАНДЫ
14 маусымда Қазақстан Журналистер одағының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Оған бейнебайланыс арқылы Республикамыздың барлық аймақтарының журналистері қатысты. Онда басқарманың есебі талқыланып, қабылданды, сондай-ақ алдағы уақыттың жоспарлары құрылып, міндеттері анықталды. Сондай-ақ, соңғы кезде Одаққа белсенді азаматтық позициясы бар жас журналистер қабылданғаны, шығармашылық байқауларды, семинарлар мен «дөңгелік үстелдерді» және басқа да шараларды өткізу жұмыстары нақтылана түскені атап өтілді, сонымен бірге қазақстандық журналистердің Қытай мен Украинадағы әріптестерімен халықаралық байланыстары нығайып келе жатқаны да сөз болды. Және де заң шығару қызметіне белсенді қатысу керектігі, журналистердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажеттілігі, ардагерлерге көбірек көңіл бөліп, олардың тәжірибесін жас кадрларды даярлау үшін пайдалануға болатыны туралы да айтылды. Бұдан тыс, келесі жылы атап өтілетін шығармашылық Одақтың 60 жылдығына дайындық жоспары мақұлданды.
Қоғамдық бірлестіктің жетекші органдары сайланды. Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы болып С. Матаев сайланды.
Қазақстан Журналистер одағы – еліміздегі ең үлкен шығармашылық ұйым, оның филиалдары барлық облыстарда және Астана мен Алматыда бар. Одақтың мүшелері болып – еліміздегі газеттер мен телевидениенің, радио мен интернет басылымдардың 5 мың қызметкерлері табылады.