Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Әділ сөз» Геннадий Бендицкийді ұсынып отыр

8 маусым 2018

«Әділ сөз» қоры Геннадий Бендицкийдің жемқорлықпен күрес тақырыбына жазған «Беспредел. Реальная история Казахстана в начале XXI века» атты мақалалар жинағын конкурсқа жіберіп отыр.

Байқаудың бастамашысы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі(http://kyzmet.gov.kz/ru/news/adgspk-obyavlyaet-konkurs-na-luchshuyu-publikaciyu-sredi-predstaviteley-smi-blogerov-po), мақсаты – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін қоғамда сақтау және нығайту». Бендицкий мұны бәрінен артық істеп жүрді деп санаймыз.

Жинақ 2018 жылы шықты, конкурстың шартында жарияланған мақалаларды байқауға ұсынуға болмайды деген талап жоқ. Кітап та – мақалалар жинағы, сондықтан бұл басылым формалды түрде конкурстың шарттарына сай келеді.

Енді конкурстық комиссия не дейтінін тосамыз (айтпақшы, Агенттік комиссия құрамын әлі жариялаған жоқ).

 

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз