Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Forbes Kazakhstan журналы бас редакторы орынбасарының үйінде қайтадан тінтулер жүрді

31 мамыр 2018

ForbesKazakhstan хабарлайды:

Forbes Kazakhstan журналы бас редакторы орынбасарының үйінде қайтадан тінтулер жүрді.  

 «Менде қайтадан тінтулер жүрді», - деп жазды Александр Воротилов өзінің Facebook парақшасында.

Артынан, Александрдың әйелінен белгілі болғандай, полицияның жедел қызметкерлері үйдегі ескі компьютер алып тез кетіп қалған. Тіпті өздерінің іс-әрекеттері жайлы ешқандай құжаттар қалдармаған.

Бұдан бұрын Forbes.kz  хабарланғандай, 2 сәуірде полиция қызметкерлері Forbes Kazakhstan журналының редакциясына келіп, тінту жүргізген. Басылымның бас редакторы Асқар Әукеновтың сөзінше, тінту азамат Зейнұлла Кәкімжановтың арызы бойынша жүргізілген. Сол күні полиция журналдың бас редакторының орынбасары Александр Воротиловты және Ratel.kz порталының қызметкерлері: Марат Әсіповті, Сапа Мекебаевты және Анна Калашникованы да алып кеткен болатын. Дүйсенбі күні кешкісін, бірнеше сағатқа созылған тергеуден кейін оларды босатқан. Ал Александр Воротиловтың хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-ның 274-бабының 3-тармағы бойынша басталған (көрінеу жалған ақпарат тарату). Бұл істе Александр Воротиловтың мәртебесі – қорғануға құқы бар куәгер. Барлық журналистердің құжаттарын, компьютерлері мен мобильді телефондарын алып қойған.

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз