Ратель.kz аузын жапасын деген шешім шығарды
28 мамыр 2018
28 мамырда Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Бейсенова Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының желілік БАҚ Ратель kz-ны айыптаған талабы бойынша өткен соттың шешімін жариялады.
Онда: «Ratel.kz талдау интернет-порталы өзінің желілік басылымын қазақстандық интернет БАҚ сегментінде Ratel.kz домендік атпен шығаруды бір жылға тоқтатсын» - деп жазылған. Бұдан тыс, сот шешіміне сәйкес бас редактор Марат Әсіповке және басылымның басқа да қызметкерлеріне бір жыл бойы Ратель kz сайтының атынан материалдарды басқа БАҚ-тарда, соның ішінде әлеуметтік желілерде жариялауға тыйым салынды.