Журналист Нуржан Баймулдинді үш жыл бойы сотқа беріп келеді
23 мамыр 2018
Республикалық «Экспресс К» газетінің тілшісі Нұржан Баймулдинді үш жыл
бұрын жазған мақаласы үшін басты кейіпкер сотқа берді.
14.08.2015 жылы «Экспресс К» газетінде Нұржан Баймулдиндің «Ар-ұят
ғасырдан да көп уақыт жасайды» («И дольше века длится стыд») атты
мақаласы жарық көрді. Онда Ақмола облысының тұрғыны Надежда
Ковалеваны (аты-жөні өзгертілген) зорлауға қатысты істі тергеуші жауып,
бірақ артынан ол іс қайтадан Сандықтау аудандық ІІБ-ге (РОВД) жіберілгені
туралы айтылған. Жәбір көрген қыз өзін зордаған адам ретінде кәсіпкер
Алексей Джейрановты айыптаған.
2016 жылы қаңтар айында Алексей Джейранов өзінің ар-намысын қорғап,
моралдық залалдың орнын толтырып беруді сұрап сотқа арыз түсірген.
Ол өзінің шағымында «Экспресс К» газеті редакциясын және оның меншікті
тілшісі Нұржан Баймулдинді, сонымен бірге Надежда Ковалеваны
айыптаған. Талапкер моралдық залалдың орнын толтыру үшін 200 млн.
теңгені жауапкерлер бірлесіп төлеп беруді және Н.Баймулдин теріске
шығаруды жариялауын талап еткен. Алайда көп ұзамай ол өзінің талап-
арызын кері шақыртып алған, себебі Бас прокуратура тергеушінің
қылмыстық істі жапқан қаулысын өзгертіп, істі қосымша тергеуге жібергенін
көрген талапкер өзінің арызын қайтарып алады.